Қазақстандық спортшы триатлоннан Еуропа кубогын жеңіп алды
Жеңімпаз 5 шақырымға жүгіруде, жүзу және веложарыстан кейін анықталды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің сайты.
Фото: olympic.kz
20:16 07.06.2022
Польшаның Жешув қаласында триатлоннан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы өтті. Жарысқа әлемнің 10 елінен 45 спортшы қатысты. Олардың арасында біздің үш атлет бар: Александр Тен, Егор Крупяков және Данил Породнов.
Мәреге бірінші болып қазақстандық Александр Тен келіп, 00:59:51 уақытын көрсетті. Егор Крупяков – 14-орынға (01:02:05), Данил Породнов 16 орынға (01:02:26) ие болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!