{metadescription}
Ақтауда TikTok-қа видео түсірмек болған студент суға кетті
Ақтауда TikTok-қа видео түсірмек болған студент суға кетті, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
11:08 08.06.2022
Басылым мәліметінше, 7 маусым күні үш жігіт TikTok әлеуметтік желісіне видео түсірмек болған. Пирстен суға секірген олардың екеуі жағаға шығып, бірі суға батып кеткен.
Суға кеткен 18 жастағы жігіттің Маңғыстау өнер колледжінің 1-курсында оқитын, Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы екені анықталды.
Қазіргі уақытта баланы іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!