Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, қатты жел тұрады
Алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс циклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы да ықтимал.
16:10 08.06.2022
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.
«11 маусымға қарай республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады, ал батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Ауа температурасы күндіз 20-28 градусқа дейін біртіндеп төмендейтін солтүстік облыстарды қоспағанда, температуралық фонның елеулі өзгерістері болмайды», - делінген синоптиктер болжамында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!