{metadescription}
Жеңіл көлік тротуардағы бір топ адамды соғып кетті

Жеңіл көлік тротуардағы бір топ адамды соғып кетті

Батыс Берлиннің дәл орталығында автокөлік бір топ адамды қағып кетті.

Мұғалім қайтыс болды, 14 оқушы жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша, халық көп жүретін Курфюрстендам сауда көшесінің жанында «Renault Clio» маркалы автокөлік бірнеше рет тротуарға шығып, адамдарды қағып кеткен, содан кейін дүкен терезесіне соғылған. 

Апаттан кейін жүргізуші көлікті тастап, қылмыс орнынан жасырынуға тырысты, бірақ оны жергілікті азаматтар ұстап алып, полицияға тапсырды. Жүргізуші Берлинде тұратын Германия және Армения азаматтығы бар 29 жастағы ер адам екені белгілі болды. Берлиннің ішкі істер министрі Ирис Шпрангердің айтуынша, дәлелдер қылмыскердің психикалық ауру адам болғанын көрсетеді. 

Жасөспірімдер зардап шекті. Мұғалім оқиға орнында қайтыс болды, екінші мұғалім қатты жарақат алды. 

Оқиға 2016 жылы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы террорлық шабуыл жасаған ауданда болды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде