Әскери ұшақ тұрғын үй ғимаратына құлап, бір адам мерт болды
Бейсенбі күні таңертең Қытай әскери-әуе күштерінің J-7 ұшағы Сянъян қаласында (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) әуежайға жақын маңда ұшу жаттығуы кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Орталық Қытай телеарнасы.
17:13 09.06.2022
ӘӘК ұшағының Сянъян қаласында тұрғын үй ғимаратына құлауы салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Ұшқыш катапульта жасап үлгерген. Ұшқыш пен зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.
Қаза тапқан адам мен зардап шеккендердің жергілік тұрғын екені хабарланды.
Апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы және зардап шеккендердің нақты саны анықталуда.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары