{metadescription}
АЭС салатын орынды айқындадық – Президент

АЭС салатын орынды айқындадық – Президент

Қазақстан атом электр стансасының қай аймақта салатынын белгіледі.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Парниктік газ шығарындыларын төмендетудегі маңызды фактордың бірі - атом энергиясын пайдалану. Мұның үстіне жаңаратын энергетиканың тұрақсыздығы және газ генерациясының шектеулігі жағдайында әлемдік атом үздіксіз базалық генерацияның жалғыз көзі болады», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, Қазақстанның атом энергетикасын дамытуда бірқатар нақты басымдығы бар.

Ал атом энергетикасын Еуропалық одақ жасыл технологиялар тізіміне қосып отыр.

«Еліміз табиғи уран өндіруде әлемде бірінші орында тұр. Ядролық отын компоненттерінің өзіндік өндірісі және уранды байыту үшін мүмкіндігі бар. Қазіргі сәтте АЭС орналасатын орынды айқындадық және әлеуетті жеткізушілердің технологиясын зерделеп жатырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде