{metadescription}
Президент Қашағанда газ өңдеу зауыты құрылысын қаржыландыруды шұғыл шешуді тапсырды

Президент Қашағанда газ өңдеу зауыты құрылысын қаржыландыруды шұғыл шешуді тапсырды

Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты құрылысы жобасын қаржыландыру мәселесін шұғыл шешу қажет.

Бұл туралы Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бүгінде газ саласы көмірді пайдалану деңгейін төмендетуде маңызды рөл ойнайды. Қазақстанның газдану деңгейі 53 пайызға жетті. 10 млн-ға жуық азамат газға қол жеткізіп отыр. Елдің ішінде газды қолдану өте жылдам артып келе жатыр. Бұл бірінші кезекте Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-тің газға көшуімен, газ-химия кешені және жаңа өндірістік кәсіпорындардың іске қосылуымен байланысты. Келесі жылдың ішінде-ақ ішкі нарықта газ тапшылығы болжанады. Газбен ішкі тұтынуды қамтамасыз ету оны экспортқа шығаруға қарағанда сөзсіз басым», - деді Мемлекет басшысы.

Осыған орай Президент ел Үкіметіне Теңіз кен орнының акционерлерімен бірлесіп, 2 млрд текше метр газды экспорттан ішкі нарыққа кері бағыттау мәселесін қарастыруды тапсырды.

«Сонымен қатар Үкіметке Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты құрылысы жобасын қаржыландыру мәселесін шұғыл шешу талап етіледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде