{metadescription}
СҚО-да жол апатынан автокөлік өртеніп, 5 адам жарақаттанды

СҚО-да жол апатынан автокөлік өртеніп, 5 адам жарақаттанды

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы кезінде автокөлік өртеніп, жүргізушісі мен 4 жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Тайынша ауданында болған. 22 жастағы көлік жүргізуші келе жатқан көлікті басып озбақ болып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Салдарынан жолдан шығып кетіп, машина аударылып қалады. Автокөлік өртеніп, толық жанып кетті. Ал көлік жүргізушісі мен 4 жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, мамыр айының соңғы күндері Аққайың ауданында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласының 28 жастағы тұрғыны бұрылыста көлік тізгініне ие бола алмай, аударылып қалды. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Ал 8 маусым күні Қызылжар ауданында Челябі-Новосібір автожолында Toyota Coroll мен «ВАЗ 2114» автокөліктері соқтығысты.

Жалпы СҚО-да 5 айда республикалық және облыстық маңыздағы жолдарда 26 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Әдетте, жаздың келуімен және азаматтардың көптеп еңбек демалысына шығуымен жолдарда көлік саны артады. Осыған байланысты жол үстінде сақ болуға, алыс жолға шығарда қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға, Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Жол жүрісі қағидаларын елемеу осындай жағдайларға алып келуі мүмкін. Әр маневр ерекше сақтықпен жасалуы қажет. Алда келе жатқан көлікті басып озу кезінде маневрдің қауіпсіз екендігіне көз жеткізіп алған жөн. Сондай-ақ, елді мекендер жанынан өткенде жылдамдықты төмендеткен абзал, үй жануарлары жолға кенеттен шыға келуі мүмкін», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

СҚО жолдарында бес айда жылдамдық режимін сақтамау салдарынан 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 1 адам қаза тауып, 8 адам жарақаттанды. 15 жол-көлік оқиғасында жүргізушілер маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген, салдарынан 5 адам көз жұмып, 26 адам жарақаттанды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде