UFC тарихында алғаш рет бір турнирде бірден екі қазақстандық өнер көрсетеді
UFC әлемдік жетекші промоушені қазақстандық спортшы Сергей Морозовтың жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Оның келесі қарсыласы - қазақстандық Жалғас Жұмағұловты жеңген бразилиялық Раулиан Пэйва.
09:44 10.06.2022
Қазақстандықтардың жекпе-жегі UFC Vegas 57 турнирі аясында 26 маусымға жоспарланған.
Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пэйвамен күш сынайды. Ол бұған дейін тағы бір Қазақстан өкілі Жалғас Жұмағұловты жеңген болатын.
Сондай-ақ, осы кеште қазақстандықтар Шавкат Рахмонов (15-0) пен Нил Мэгнидің (26-8) аралас жекпе-жек айқасын тамашалай алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!