Алдағы демалыс күндері елдің оңтүстігінде күн +35 градусқа дейін ысиды
«Қазгидромет» РМК-сы алдағы демалыс күндерінің ауа райы болжамын жариялады.
Фото: Minval.az
12:32 10.06.2022
Алдағы демалыс күндері солтүстік-батыс және оңтүстік циклондарының бірігуі нәтижесінде республиканың барлық аумағында дерлік ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады.
11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы күндіз 22-30-дан 17-26-ға дейін төмендейді, оңтүстік-батысында 25-35-ке дейін жылынады, солтүстігінде 20-28-ден 25-30-ға дейін ауытқиды, шығысында 28-37-ден 24-33-ке дейін төмендейді, орталығында 22-30-дан 27-32-ге дейін көтеріледі, оңтүстігінде 35 жылу болжанады, ал оңтүстік өңірлерінде 25-35-тен 20-30-ға дейін төмендейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!