Қайрат Сатыбалдыұлы мен Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы 1 айға ұзарды
Сот шешімімен Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлын күзетпен ұстау мерзімі тағы созылды.
16:34 10.06.2022
«2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар ведомство дәл сол күні күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты да белгіленген қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 1 айға созылғанын атап өтеді.
Ал 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Гүлмира Сатыбалдыға қатысты белгіленген қамау мерзімін 1 айға ұзартқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!