Доллардың бағасы тағы өсті
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті.
17:36 10.06.2022
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1, 04 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 435, 76 теңге.
Ұлттық банктің 10 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 434, 51 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 434, 50 теңге, сатып алу – 437,40 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 432,94 теңгеден болса, сатып алу құны – 435,24 теңге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!