{metadescription}
Теннисші Анна Данилина өз мансабындағы 25-ші титулды жеңіп алды

Теннисші Анна Данилина өз мансабындағы 25-ші титулды жеңіп алды

Қазақстандық Анна Данилина мен украиналық теннисші Валерия Страхова Францияда өткен жүлде қоры 60 мың АҚШ долларын құрайтын турнирде жеңімпаз атанды.

Финалға өткен теннисшілер Мария Лурдес Карле (Аргентина)/Мария Тимофеева (Ресей) жұбын жеңді. Матч брейк алмасудан басталды, бірақ содан кейін Мариялар белсенділік танытып, қарсыластарының добын қатарынан үш рет қабылдап, партияны 6:2 есебімен жеңіп шықты. 

Екінші сетте есеп 3:3 болып, шешуші сәт келді: Анна мен Валерия екі брейк жасап, ойынды 6:3 есебімен ұтты. Шешуші супер тай-брейкте қазақстандық-украиндық дуэт екі матч-пойнт ойнап, ақыры 14:12 есебімен жеңіске қол жеткізді. 

Бұл – Данилинаның мансабындағы жұптық сайыстағы 25-ші атағы. Соның ішінде ол Халықаралық теннис федерациясының (ITF) жарысы аясында 24 жеңіске жеткен, сонымен қатар осы жылдың қаңтарында Сиднейде WTA250 сериясы турнирінде бразилиялық Беатриз Хаддад Майямен бірге жеңіске жетті. Сондай-ақ, бұл Данилинаның Стаховамен өткізген бесінші бірлескен турнирдегі жеңісі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде