{metadescription}
Бурабайда құтқарушылар тау басында жарақат алған жас жігітке көмекке келді

Бурабайда құтқарушылар тау басында жарақат алған жас жігітке көмекке келді

Бурабай құтқарушылары жарақат алған жігітті таудан түсірді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 маусым күні сағат 16.15 кезінде жедел құтқару жасағының кезекші бөліміне хабар түскен. 

Қоңырау шалған 21 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 720 метр биіктікте Синюха тауына экскурсия кезінде сол аяғынан жарақат алғанын айтқан.

Оқиға орнына Бурабай кентінің № 7 құтқару бөлімшесінің кезекші ауысымы шыққан болатын. 

Құтқарушылар жас жігітке алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетіп, таудан аман-есен түсіріп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды. 

Құтқару операциясын Бурабай кентінің №7 құтқару пункті басшысының міндетін атқарушы А.С. Попов басқарды.

Өз кезегінде жас жігіт құтқарушыларға алғысын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде