2022 жылдың шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін биыл шілдеде 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні болады.
12:33 13.06.2022
Алты күн жұмыс істейтіндерге 25 жұмыс күні және алты демалыс күні болады. Шілдеде қазақстандықтар екі мерекені атап өтеді – Астана күні және Құрбан айт мерекесі. Биыл Астана күні – 6 шілде, яғни сәрсенбіге түседі. Бұл ретте демалыс күндері ауыстырылмайды. Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында да, алты күндік жұмыс аптасында да бір күн – 6 шілдеде демалады.
Маусым мен шілде айларында ыстық болады: Жаз мезгіліне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанда 1 шілдеден бастап ұлттық төлем жүйесі іске қосылады
Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні сенбі – 9 шілдеге түсіп тұр. Бұл күн демалыс күні болған соң әрі сенбіге түсетіндіктен, басқа күнге ауыстырылмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!