{metadescription}
Жүк тасымалындағы қазақстандық көліктердің үлесі 30% ғана - министрлік

Жүк тасымалындағы қазақстандық көліктердің үлесі 30% ғана - министрлік

Қазақстан арқылы өтетін халықаралық жүк тасымалындағы отандық көліктердің үлесі 30% ғана. Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев осындай мәлімет келтірді.

«Қазақстанның халықаралық жүк тасымалы нарығындағы бәсекеге қабілетін арттырушы фактордың бірі - жүк тасымалдаушы көліктердің саны. Қазіргі таңда бұл нарықтағы отандық тасымалдаушылардың үлесі 30% болып отыр. Өйткені халықаралық жүк тасымалына қатысы бар қазақстандықһ көліктердің саны шетелдік көліктерден аз», - деп жазды Еркебұлан Дауылбаев жауабында. 

Вице-министрдің айтуынша, халықаралық жүк тасымалы нарығында отандық жүк тасымалдаушы көліктердің паркін кеңейту елдің экономикалық мүддесімен ытғыз байланысты. 

Сондай-ақ, ол Қазақстан аумағында тіркеліп жатқан шетелдік жүк тасымалдаушы көліктерге шектеу қою мүмкіндігі жоқ екенін де айтқан. 

Айтуынша, заңнамада көрсетілген талаптардың бәрін орындаған көлік иелерін тіркемеу қою мүмкін емес. 

Бұл жөнінде 23 мамырда салаға жауапты түрлі органдар мен қауымдастық өкілдерінің жиынында айтылған.

«Бұған дейін айтылғандай, халықаралық тасымалға рұқсат беретін бланктер ел аумағында тіркелген көліктерге ғана ұсынылады. 31 мамырда Көлік комитетінің ұйымдастыруымен өткен шарада Сыртқы істер, Қаржы, Сауда және интеграция, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Kazlogistics» көлік қауымдастығының, халықаралық тасымалдаушылардың өкілдері қатысып, Қазақстан аумағында тасымалданатын жүктерді тасмыалына жергілікті көлік жүргізушілерді тарту мәселесін талқылады. Сондай-ақ, халықаралық жүк тасымалына қажетті жоғары білікті мамандарды әзірлеу үшін оқыту орталықтарының жұмысын белсендіру мәселесі қаралды», - деп жазылған вице-министрдің жауабында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.