{metadescription}
0:000:00

Halyk Bank апта сайын 125 000 теңгеден бастап ақша алу мүмкіндігін ұсынады – фейк

Желіде Halyk Bank-тің инвестициялық бағдарламасы туралы фейк таратылуда, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.

Ақпарат көзінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға апта сайын 125 000 теңге табыс табуды ұсынған жарнама таратылуда. Ол үшін Halyk Bank-ке белгілі бір соманы инвестициялау керек екен. Хабарламада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуреті қолданылған.

«Бұл – фейк. Halyk Bank-те аптасына кемінде 125 000 теңге табыс табуға кепілдік беретін инвестициялық бағдарлама жоқ. Өзекті салымдар туралы барлық ақпарат банктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында көрсетілген.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық банктер өз салымшыларына апта сайын 125 000 теңгеден бастап кірісті қамтамасыз ете алады деп мәлімдеген емес. Демек, хабарламаның Halyk Bank-ке де, Мемлекет басшысына да қатысы жоқ. Бұл алаяқтардың ісі және оған сенбеген дұрыс», - деп жазды STOPfake.kz тілшілері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде