Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
15:08 13.06.2022
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары