Елордада қатты желден кран құлады
Елордада қатты жел салдарынан мұнара краны құлады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметі.
20:17 13.06.2022
«Бүгін Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында мұнара краны құлады. Алдын ала мәлімет бойынша кран қатты желден құлап кеткен. Қазір төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына ҚР ТЖМ өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты», - делінген комитет таратқан хабарламада.
Аталған ведомствоның ақпаратына сай зардап шеккендер жоқ.
Мәлім болғандай, құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!