Бүгін толған ай Жерге барынша жақындайды
Кезекті толған ай 14 маусымда басталып, бұл жолы Жер тұрғындары ерекше көрініске куә болмақ.
08:43 14.06.2022
Ай Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:52-де толып, 11,5 сағаттан кейін өз орбитасының Жерге ең жақын нүктесі – перигейден шамамен 357429 шақырымнан өтеді, - деп хабарлайды «Бақылау астрономиясы» сайты.
Айдың көрінетін диаметрі орташа мәнге қатысты шамамен 8% өсіп, жарығы шамамен 13% артады.
Ал көкжиекке жақын жерде (кешке және таңертең) «ай иллюзиясына» байланысты жердің серігі ірі болып көрініп тұрады.
Астрологтар алдағы «суперайға» қатысты түрлі пікір айтып жатыр. Бұл - адамдар үшін кешірім жасап, алғыс білдіре алатын ең қолайлы уақыт.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!