{metadescription}
Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасында Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан мәлім еткендей, Ерасыл 67 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысында 281 келіні (123+158) бағындырды. 

Түркиялық Алааддин Саин 278 келімен (121+157) екінші, поляк Бартош Бурски 269 келімен (116+153) үшінші орынға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Дарья Балабаюк 49 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруден қола медальға қол жеткізді. Дегенмен ол қоссайыс қорытындысында 152 келімен (69+83) төртінші орынға табан тіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде