{metadescription}
Жамбылдық үшеу Қарағандыға 200 кг жуық марихуана әкеп сатпақ болған

Жамбылдық үшеу Қарағандыға 200 кг жуық марихуана әкеп сатпақ болған

Қарағанды облысының полиция қызметкерлері есірткінің ірі партиясын жеткізушілердің жолын кесу мақсатында арнайы шара өткізді.

Операция барысында 198 кг марихуана және 6 млн теңгеден астам ақша тәркіленді.

Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысының үш тұрғыны республика өңірлеріне айтарлықтай көлемде есірткі жеткізумен айналысатынын анықтаған.

«12 маусымда «Қарасора-2022» ауқымды республикалық операциясы аясында жедел-тергеу шаралары кезінде есірткі тасымалдау, сақтау және өткізу күдігі бойынша 34, 39 және 56 жастағы үш ер адам ұсталды. Оның барлығы - Жамбыл облысының тұрғындары. Ұсталғандардан 6 млн 435 мың теңге қолма-қол ақша, өсімдік тектес зат салынған сегіз қап тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 198 кг кептірілген марихуана болып шықты», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Бауыржан Миссалимов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр. 

Сондай-ақ кеше түнде Алматы және Тараз қалаларында осы топтың 3 адамы ұсталды. 

Олардан «Range Rover» және «Лексус» автомобильдері, қару тәркіленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде