{metadescription}
Балалар  лагерінде атыс болды

Балалар лагерінде атыс болды

АҚШ-тың штатында орналасқан балалар лагерінде ер адам қарудан оқ атты.

Оқиға Даллас округі Дунканвилл қаласындағы Duncanville Fieldhouse спорт кешенінде болған. Онда 4 пен 14 жас аралығындағы 250-ге жуық бала болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Атыс басталғаннан кейін балалардың бір бөлігі қауіпсіз аймаққа шығарылды. 

Қарулы ер адам жастар спорт орталығының ғимаратына кірген. Кіреберісте оған күзет қызметкері қарсылық көрсеткен. Атыстан кейін қарулы ер адам балалар отырған сыныптың ішімен өтіп барып, басты спортзалға кірген. Сол жерде полицейлер оны атып өлтірген. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, ол алған жарақатынан ауруханада қаза тапты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде