{metadescription}
Шығыс Қазақстанда 22 жастағы жігіт суға батып кетті

Шығыс Қазақстанда 22 жастағы жігіт суға батып кетті

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Сібе көліне 22 жастағы жігіт батып кетті.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 13 маусымда Ұлан ауданындағы рұқсат етілмеген жағажайда болған. 

«Сібе көліне демалуға барған 22 жастағы жігіт шомылу тыйым салынған жерде суға түсті. Оның батып бара жатқанын сол маңдағы адамдар көріп қалып, көмекке ұмтылған. Судан алып шығып, жасанды дем бермек болды. Алайда ер адамның өмірін құтқарып қала алмады», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына шомылуға тыйым салынған учаскелерге бармауға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде