{metadescription}
Қазақстандық клубтардың еурокубоктардағы қарсыластары анықталады

Қазақстандық клубтардың еурокубоктардағы қарсыластары анықталады

Сәрсенбі, 15 маусымда Ньон қаласында (Швейцария) Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасының іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтеді.

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту қорытындысы бойынша қостанайлық «Тобылдың» ықтимал қарсыласы анықталады. Ал Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту қорытындысы бойынша қазақстандық «Астана», «Қайрат» және «Қызыл-Жар» клубтары өз қарсыластарын біледі. 

Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне жеребе тарту Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де, ал Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі сағат 17:00-де басталады деп күтілуде. Жеребе барысында «Астана» мен «Қайрат» үздіктер қатарында болса, «Қызыл-Жар» бұл тізімге кіре алған жоқ. Яғни оның қарсыласы мықтылар арасынан болуы ықтимал.

Конференция лигасының екінші турында қазақстандық клубтар алғашқы кездесуін 21 шілдеде, қарымта кездесуін 28 шілдеде өткізеді. «Астана» бұл кезеңде келесі клубтардың бірімен ойнайды: «Викинг» (Норвегия), «АИК» (Швеция), «Раков» (Польша), «Паневежис» (Литва) / Милсами (Молдова), «Вальмиера» (Латвия). 

«Қайраттың» ықтимал қарсыластарының тізімі мынадай: «Коньяспор» (Түркия), «Зира» (Әзербайжан), «Арарат-Армения» (Армения), «Кисварда» (Венгрия), «Влазня» (Албания). 

«Қызыл-Жар» екінші раундта осы командалардың бірімен кездеседі: «Янг Бойз» (Швейцария), «Флора» (Эстония) / «Сейняйоки» (Финляндия), «Рапид» (Вена, Австрия), «Осиек» (Хорватия), «Олимпия» (Любляна, Словения) / «Дюделанж» (Люксембург). 

Қазақстанның жаңа маусымдағы Чемпиондар лигасындағы жалғыз өкіліне келетін болсақ, қостанайлық «Тобыл» бірінші раундта венгриялық «Ференцварошпен» кездеседі: бірінші матч 5 немесе 6 шілдеде Қазақстанда, қарымта кездесу 12 немесе 13 шілдеде Венгрияда өтеді. 

Өткен маусымда «Тобыл» өз тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанып, Еуропаның басты клубтық турнирінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде