Ертіс өзеніне батып кеткен Қытай азаматының денесі табылды
11 маусым күні орталық жағажайда 24 жастағы шетелдік азамат суға батып кетті, мәйіт оқиға орнынан 11 шақырым жерде судан шығарылды.
15:02 15.06.2022
«14 маусым сағат 17.42 кезінде оқиға орнынан 11 шақырым жердегі Ертіс өзенінің Желпақ ағысы маңында құтқарушылар ер адамның денесін тауып, оны Ертістің сол жағалауына жеткізді. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Осылайша, құтқарушылар 11 маусымда Павлодар қаласының орталық жағажайында суға батып кеткен 24 жастағы Қытай азаматының денесін тапты.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оны 14 маусым күні сағат 08.50-де іздеп бастаған.
Суға батып кеткен азаматты іздеуге 6 құтқарушы, 1 қайық пен 1 машина қатысты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары