Биыл Алматы әуежайы арқылы 528 млн теңге заңсыз алып өтпек болған
Жыл басынан бері Алматы қаласының кеденшілері жеке тұлғалардың 528 млн теңгені заңсыз алып өтудің жолын кесті.
Фото: depositphotos/anyaberkut/
09:40 17.06.2022
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері осы кезеңде ӘҚБтК-нің 551, 545-баптары бойынша 103 әкімшілік материал толтырған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 13 факт анықтаған.
«Анықталған немесе декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражатының сомасы 528 млн теңгеден асты, осы бұзушылықтар бойынша салынған айыппұл сомасы - 3,2 млн теңге. Мәселен, қаңтарда Алматы-Абу-Даби бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында Қазақстан азаматы тексерілді, онда 57 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша болған. Сол сияқты, ақпанда Алматы-Ыстамбұл әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізу 97 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол қаражат табылды. Материалдар экономикалық тергеу департаментіне берілді. Күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 234-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп жазды ведомстводан.
Департамент өкілдері мамырда Сеул-Алматы бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында 12 000 АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақшасы бар тұрғынның ұсталғанын да мәлімдеді. Маусымның басында ұшып келу залында Дубай-Алматы әуе рейсінен түскен азаматты тексеру барысында 23 200 АҚШ доллары анықталған. Азаматша әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілігкке тартылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!