Еділден Қараөзен мен Сарыөзенге алынатын су көлемі ұлғайды
Жайық өзененіндегі су тұтыну жүктемесін азайту үшін Еділ өзені арқылы Ресейден алынатын судың көлемі көбейтілді.
11:27 17.06.2022
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мәжіліс қабырғасындағы парламенттік тыңдауда осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жайық-Каспий бассейні бойынша әсіресе су аз жылдары керекті су жіберу үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың жұмысы синхрондалады. Қазақстан-Ресей бағдарламасы Жайық бассейніндегі экологияны сауықтырып, су сапасын жасқартады деп күтіп отырмыз», - деді Серікқали Брекешев.
Сондай-ақ, ол Қараөзен мен Сарыөзеннің бойына су қоймасын салу жұмыстары басталғанын жеткізді.
«Су аз жылдары Еділден Сарыөзен мен Қараөзенге құйылатын су көлемі көбейді. Осы өзендерде су қоймаларының құрылысы жобаланып жатыр», - деді министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!