Жамбыл облысында 3 су қоймасы салынса, Қырғызстанға тәуелділік азаяды - министр
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қырғыз тарапынан алатын судың бір бөлігін жергілікті су қоймаларын салу арқылы қамтамасыз етуге болатынын айтты.
12:08 17.06.2022
«Шу және Талас өзендері бойынша қырғыз тарапымен мемлекетаралық пайдаланудағы гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстауға және реконструкциялауға бөлінетін қаржыны көбейту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ол Мәжіліс қабырғасындағы Парламенттік тыңдауда.
Оның айтуынша, Шу мен Таластан су алып отырған өңірлерде жерасты суын пайдалану көлемі ұлғаймақ.
«Қырғыз тарапына тәуелділікті азайту үшін Жамбыл облысында 3 су қоймасын салу жұмысы басталып, суару қажеттігі үшін жерасты көздерін пайдалану көлемі ұлғаяды», - деді Серікқали Брекешев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!