Қор нарығында доллар қымбаттады
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті.
Фото: © Pixabay
16:45 17.06.2022
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4, 55 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 446, 87 теңге.
Ұлттық банктің 17 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 442, 17 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 446, 70 теңге, сатып алу – 451,10 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 447,61 теңгеден болса, сатып алу құны – 449,80 теңге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!