Танымал актер Жан-Луи Трентиньян дүниеден өтті
Француздың ең танымал және көрнекті актерлерінің бірі Жан-Луи Трентиньян 91 жасында дүниеден өтті.
15:19 18.06.2022
Бұл туралы журналистерге оның жесірі хабарлады.
Трентиньян «Алтын пальма бұтағы» мен «Оскар» алған танымал фильмдерге түскен. Атап айтсақ, «Үш түс: Қызыл», «Дзета», «Конформист» және «Махаббат» сияқты кинофильмдерде ойнаған.
Трентиньян 1930 жылы 11 желтоқсанда дүниеге келген.
Қатерлі дертке шалдыққан Трентиньян көпшілік алдына соңғы рет 2019 жылы Канн кинофестивалінде шыққан болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!