Қызылорда облысы экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне Бақыт Қайшыбеков тағайындалды.
09:05 20.06.2022
Б. Қайшыбековтің білімі жоғары. Заңгер, бизнес және экономиканың бакалавры.
2007-2012 жылдар аралығында қаржы полициясында әртүрлі қызметтерде, сондай-ақ, басшылық лауазымдарда болды.
2014-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер органдарында қызмет
2019 жылы ҚР ҚМ Қаржы мониторинг комитеті Солтүстік Қазақстан, 2020 жылдан бастап Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Бұған дейін аталған қызметте болған Рашид Темірбеков енді Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!