Әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр
Дүйсенбіде мұнай бағасы өскені белгілі болды.
Фото: pixabay
15:16 20.06.2022
Бұған Қытайдың Сауд Арабиясы мен Ресейден жеткізілетін мұнай көлемін арттыруы себеп болды.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:55-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 113,81 долларға, ал WTI маркалы мұнайдың тамыз фьючерстері 0,7%-ға өсіп, 108,72 долларға жетті, деп жазды 1prime.ru.
Дүйсенбі күні таңертең мұнай бағасы қайта көтеріле бастады. Жұма күні Brent маркалы мұнай бағасы 5,58%-ға, ал WTI 6,83%-ға арзандаған еді.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!