Қор нарығында доллар арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Фото: © Pixabay
16:49 20.06.2022
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,65 теңгеге түсті.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 443,26 теңге.
Ұлттық банктің 20 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 446,87 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 443,50 теңге, сатып алу – 447,50 теңге.
Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 441 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 443, 50 теңге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары