{metadescription}
Алакөл маңында көлік апатынан екі адам мерт болды

Алакөл маңында көлік апатынан екі адам мерт болды

Жетісу облысындағы Алакөл ауданында көлік апатынан екі адам мерт болды.

«19 маусым күні Алакөл ауданының Ақтүбек ауылының маңында көлік апаты болды. Бескөл-Жайпақ жолының 15- шақырымында «Toyota Avensis» көлігінің 26 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, аударылған. Соның салдарынан көлік жүргізуші мен жолаушы мерт болды. Көлік жүргізушісі жергілікті тұрғын», - делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, тағы 28 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Үшаралдағы аудандық ауруханаға түскен. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4-ші бөлігі бойынша тергеу басталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде