{metadescription}
Петропавл тұрғыны гаражынан граната тауып алды

Петропавл тұрғыны гаражынан граната тауып алды

Ол бұл гаражды таяуда ғана сатып алған.

61 жастағы Петропавл тұрғыны сатып алған гаражын тазалап жүріп, металл кастрюльден гранатаға ұқсас зат тауып алған. 

Қауіпті зат туралы «102» арнасына қоңырау шалып, полицияға хабарлаған. 

Жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техник мамандар келгенше зейнеткер затты сыртқа алып шыққан. 

Анықталғандай, табылған зат F-1 оқу гранатасы болып шықты.

«Күдікті зат тауып алған жағдайда, дереу полицияға хабарлау керек. Ешқашан қауіпті затты орнынан жылжытуға тырыспаңыз. Мұндай әрекет қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін есте сақтаңыз», - деп ескертеді полициядан.

Сондай-ақ, қару мен оқ-дәріні өз еркімен тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде