{metadescription}
Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділманов ұсталды

Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділманов ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры болған генерал-лейтенант Дархан Ділманов билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

«2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде