Президент мемлекеттік қызметшілерді бүгінгі мерекемен құттықтады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді бүгінгі мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10:12 23.06.2022
«Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады.
Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!