{metadescription}
3 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берген ҚР азаматы анықталды

3 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берген ҚР азаматы анықталды

Шымкентте 3 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан азаматты әшкереледі.

Қылмыстық пиғылды іске асыру үшін 6 компания құрылған. Олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асты. Салдарынан мемлекет бюджетіне салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам сома түспеген.

Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілді», - делінген ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде