Томирис Байсафаның ісіне қатысты сот тергеуі аяқталды
Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық студент Томирис Байсафаның ісі бойынша сот тергеуі аяқталды.
Фото: instagram/_ahmetova_zhanna_
14:51 23.06.2022
«Сот тергеуі аяқталды. Жарыссөздер мен үкім қалды», - деп жазды Т.Байсафаның анасы Жанна Ахметова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетсек, 2018 жылдың сәуір айында қазақстандық студент қыз Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кеткен еді. Ол 3 мамырда ауруханада қайтыс болды. Қыздың ата-анасы суицид туралы тергеушілердің нұсқасымен келіспей, тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.
2020 жылы Томирис Байсафаның өліміне қатысты Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы Мухтар Меджидовтың ұлы Муртузали Меджидов қамауға алынды.
2021 жылдың шілдесінде Мәскеудегі алқабилер соты Муртузали Меджидовті ақтап алды.
Қайтыс болған студенттің анасының шағымдары мен қоғам наразылығынан кейін ақтау үкімінің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!