Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірімнің денесі табылды.
14:35 24.06.2022
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Медеу аудандық полиция басқармасына 2007 жылы туған баланың жоғалғаны туралы ақпарат 23 маусым күні түскен.
«Тергеу тобы бүгін қаладағы бау-бақша қоғамының бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар баланың өлі денесін тапты», - деп хабарлады полициядан.
Полицейлер 16 жастағы жасөспірімді ұстады. Күдікті арадағы жанжалдан кейін досын өлтіргенін мойындады.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!