Астанада екі үлкен даңғылды жалғайтын жолда жөндеу басталды
Елордада 25 маусымнан бастап Қабанбай батыр – Тұран даңғылдары арасындағы автожол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:18 26.06.2022
Нұр-Сұлтан қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, Қабанбай батыр – Тұран даңғылдары арасында орналасқан Достық көшесінде жолды орташа жөндеу басталды.
«Осы жылдың 25 маусымынан 5 шілдесіне дейін Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады», – делінген ведомство хабарламасында.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!