Футболдан бірінші лигада «Қайсар» алғаш рет жеңілді
Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің тоғызыншы туры мәреге жетті.
10:05 26.06.2022
Көш басында келе жатқан қызылордалық «Қайсар» аталған турда күтпеген жерден алматылық «Қайрат-жастар» командасына 1:2 есебімен жол берді.
Ал талдықорғандық «Жетісу» сырт алаңда елордалық «Жеңіске» 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында Жамбыл облысының «Игілік» командасын 5:0 есебімен сүріндірді.
Сондай-ақ, аталған турда шымкенттік «Қыран» «Астана-жастарын» 6:1 есебімен тізе бүктірсе, Жамбыл облысының «Тараз-Қаратауы» қарағандылық «Шахтер-Болатты» 2:1 есебімен жеңді.
Өз алаңында қызылордалық «Байқоңыр» Шымкенттің «Оңтүстік академия» клубына 0:3 есебімен есе жіберсе, «Екібастұз» бен «Яссы» 3:3 есебіне қанағат білдірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!