Футболдан ел біріншілігінде «Астана» ойсырай жеңілді
Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің он бесінші туры мәресіне жетті.
08:33 27.06.2022
Аталған турдағы басты ойын «Ақтөбе» мен елордалық «Астана» арасында өтті.
Кездесу барысында ақтөбелік футболшылар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде 18-минутта Видемонт Уго есеп ашса, Шина 33-минутта басымдықты арттыра түсті.
Оған елордалық клубтан Аслан Дарабаев 43-минутта бір голмен жауап қайырды. Ойынның 73-минутында ақтөбелік клубтан Әлібек Қасым пенальтиді мүлтіксіз орындаса. Максим Самородов 95-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Астана» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.
Қатарынан үш рет жеңіске жеткен «Ақтөбе» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал «Астана» жеңілгеніне қарамастан бірінші орынды сақтап қалды.
Сондай-ақ аталған турда өз алаңында Петропавлдың «Қызылжары» қостанайлық «Тобылдан» 1:3, ақтаулық «Каспий» Түркістанның «Тұранына» 0:2 есебімен жол берді.
Ал «Тараз» бен алматылық «Қайрат», Түркістан обысының «Мақтаралы» мен «Атырау» 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!