Президент өкілеттігі 5-тен 7 жылға дейін ұзартылмақ
Өзбекстанда елдің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы референдумға шығарылады.
09:05 27.06.2022
Жоба «Халық сөзі» газетінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өзбекстанның бас газеті саналатын «Халық сөзінің» 2022 жылғы 25 маусымдағы №133 нөмірінде «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы жалпыхалықтық талқылауға шығарылды.
Елдің қазіргі Конституциясының 90-бабына сәйкес, президенттің өкілеттік мерзімі 5 жыл. Әрі бір адам 2 реттен артық бұл лауазымға сайлана алмайды. Референдумда талқыға ұсынылған заң жобасы қабылданса, президенттің мерзімі 7 жылға ұзартылады.
Атап айтқанда, «90-баптың екінші бөлігіндегі «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын», - делінген құжатта.
Елдің қазіргі Конституциясы 128 баптан тұрады. Референдумға ұсынылған заң жобасы бойынша соның 64-іне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, 6 жаңа бап қосылмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!