{metadescription}
Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 5-7 жылға сотталды

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 5-7 жылға сотталды

Алматыда «World Business Consulting» қаржылық пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған. Бұл компаниялар сыйақыны алуға кепілдік берген. 

2018-2021 жылдары WBC қаржылық пирамидасына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді. 

Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Сонымен қатар, пирамидалық схемасының тағы бес ұйымдастырушысы халықаралық іздеуге жарияланды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде