Шымкентте ыстықтан көліктің газ балоны жарылды
Шымкентте көліктіңгаз балоны жарылып, алты жолаушы ауруханаға жеткізілді.
16:28 27.06.2022
Оқиға Қаратау ауданы, Нұрсат 2 шағын акданындағы №16 тұрғын үйдің алдында болған. «Kia Rio» маркалы автокөліктің артқы багажында көлемі 350 мл кішкентай газ балон жарылған. Салдарынан 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Олардың 4-і балалар.
«Жолаушыларға алғашқы көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Өрт болған жоқ. Алдын ала болжам бойынша күн сәулесінен автокөліктің багажы қызып кеткен болуы мүмкін», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
Оқиға орнына ТЖД-нің 15 қызметкері мен 3 дана техника жұмылдырылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары