{metadescription}
Иен қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды

Иен қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды

АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласының шетінде қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның денесі табылды.

Көлікті бірінші болып оқиға орнына шақырту бойынша жеткен жедел әрекет ету қызметкерлері анықтаған. Жүк көлігінің тіркемесінде адамдардың өлі денелері жатқан. Олардың барлығы ыстықтан немесе шөлден қайтыс болған. Дүйсенбі күні Сан-Антониодағы ауаның температурасы 39,4 С-қа жеткен еді.

Өрт сөндіру қызметі өкілінің айтуынша, 16 адам, оның ішінде төрт бала ауруханаға жеткізілді. Аман қалғандар аптап ыстықтан және қатты әлсіреуден зардап шекті. Жүргізуші тастап кеткен жүк көлігінде кондиционер де, ауыз су да болмаған.

Тергеу нәтижесінде үш адам ұсталып, қамауға алынды.

АҚШ-Мексика шекарасынан 250 шақырым жерде орналасқан Сан-Антонио қаласы – АҚШ-қа заңсыз мигранттарды тасымалдау үшін жүк көліктерін жиі пайдаланатын адам контрабандашылары үшін негізгі транзиттік жол.

Мамыр айында АҚШ-тың кеден және шекара қорғау қызметі оңтүстік-батыс құрлық шекарасында 239 416 заңсыз мигрантты анықтаған. Бұл – 2000 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.