Доллар тағы арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады.
Фото: elements.envato.com
16:09 28.06.2022
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 маусым кешімен салыстырғанда 4,89 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456, 05 теңге болды.
Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,95 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 455,50 теңге, сатып алу – 460,50 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 450 теңгеден болса, сатып алу құны – 457,50 теңге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!