Багам аралдарындағы курортта үш туристің денесі табылды
Сейсенбі күні Багам аралдары полициясы Багамдағы курорттан үш америкалық туристің өлі күйде табылғанын мәлім етті.
15:36 29.06.2022
Құқық қорғау органдары демалушылардың өлімінің мән-жайы тергеліп жатқанын айтты. АҚШ азаматтарының өлімінің ықтимал себебі – газдан улану.
Қаза тапқандар Теннесси штатының 68 жастағы Майкл Филлипс және 65 жастағы Робби Филлипс есімді тұрғындары, сондай-ақ Флорида штатының 64 жастағы Винсент Чиарелла тұрғыны. Чиарелланың әйелі 65 жастағы Денис Чиарелла аман қалған. Ол емделу үшін Нью-Провиденс аралына (Багам аралдары) әуе арқылы жеткізілді, содан кейін Флоридадағы ауруханаға ауыстырылды.
Полицияның мәліметінше, төрт турист те иістенбес бұрын дәрігерге денсаулығының нашарлығы туралы шағыммен жүгінген.
Ерлі-зайыптылар Эксума аралындағы Sandals Emerald Bay курортында бір-біріне жақын жердегі бөлек виллаларда тұрған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары